СІМ өкілі Қытайдан қашқан қазақтар мәселесі бойынша Пекинмен келіссөздердің «ауыр» болғанын айтты

0
125
Сурет: Азаттық

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Мұхтар Кәрібай 12 наурызда Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Қытайдан қашқан қазақтар бойыншаПекинмен арадағы келіссөздердің «ауыр» болғанын айтты.

«Осы шекараны заңсыз бұзып келген азаматтар бойынша да екі ортада келіссөздер ауыр жүрді. Өйткені олар шекара бұзған деген мәселе бар. Бұл екі ел арасындағы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Олар Қытайдың да, біздің де шекараны бұзып келіп отыр. Біздің өзімізде де қылмыстық істер қозғалғанын білесіздер. Қиындық тудырып отырған мәселе — осы азаматтардың шекара бұзып келуіне байланысты Қытай жағының қойып отырған талаптары», — деді Мұхтар Кәрібай.

Бірақ министрлік өкілі Пекиннің нақты қандай талаптар қойғанын айтпады. Оның сөзіне қарағанда, Пекин Қытайдан қашқан қазақтарды экстрадициялау мәселесін осыған дейінгі келіссөздерде көтерген.

Швецияда тұрып жатқан Сайрагүл Сауытбайды айтпағанда, Қазақстанда «Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі мұсылман халықтарына жасалған қысымнан қашып, шекараны заңсыз кесіп өттік» деген бес қазақ бар. Олар елде «шекараны заңсыз кесіп өткені үшін» сотталып, кейінірек жазалары жеңілдетіліп босатылған. Олар мұнда азаматтық алуға өтініш тапсырған. Былтыр күзде Нұр-Сұлтан олардың төртеуіне бір жылғабосқын мәртебесін берген.

Ақпан айында Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір күнде бір мезгілде Шыңжаң қазақтары Қайша Ақан мен Мұрагер Әлімұлына белгісіз біреулер шабуыл жасап, халықаралық ұйымдаралаңдаушылық білдірген. АҚШ елшілігі Шыңжаңнан келгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету