СІМ Израильдегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

0

СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Израильдегі ахуал бойынша еліміздің ұстанымын білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өкіл бұл жағдайға алаңдаушылығын білдірді.

«Қазақстан бейбіт тұрғындар арасында көптеген өлімге әкеп соқтырған Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуіне байланысты терең алаңдаушылық білдіруде. Тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдарды іздеуге және екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы ахуалдың одан әрі өршуіне әкеп соғуы мүмкін іс-қимылдарға жүгінбеуіне шақырамыз», – деді Смадияров

Ол Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі азаматтарымызбен тұрақты байланыста екенін айтты. Елшіліктің жедел желісі құрылды, оларға Отанына оралуға жәрдем көрсету үшін ҚР азаматтарының тізімі қалыптастырылуда.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстың күшеюі 7 қазанда таңертең басталды. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады