СІМ-де түрмедегі Ақжарқын Тұрлыбайдың әл-ауқаты туралы айтылды

0

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 17 маусымда өткен брифингте Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматтары Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы айтты.

Айбек Смадияров дипломаттардың Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста екенін атап өтті.

«Ол өзін жақсы сезінетінін айтты. Дипломаттар үнемі қоңырау шалып, оның жағдайы туралы біліп отыр», – деді ол.