СІМ-де Бурдж Халифа сыртында Қазақстан жалауын көрсеткені үшін ақша жұмсалды деген ақпарат жайлы пікір білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тәуелсіздің күніне орай Дубайдағы «Бурдж Халифа» ғимаратының сыртында мемлекетіміздің туының көрсетілуі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жалау

«Өткен күндері Бурдж Халифа ғимаратының сырты Қазақстанның жалауымен безендірілгені үшін ақша берілген деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл бастама Дубайдағы эмират тарапынан көтерілді. Яғни бұған ақша мүлдем кеткен жоқ деді», — деді Айбек Смадияров,

Оның сөзінше, бұның алдында осыған ұқсас жағдайлар болған. 

«Ғимарат сыртында Қазақстанның туы көрсетілмей тұрып, Өзбекстанның, Түркіменстанның, Ресейдің, Беларусьтің жалаулары шығарылған еді. Бұған қоса Бахрейннің туы да көрсетілді», — деп қосты Смадияров. 

Бұған қоса Айбек Смадияров СІМ-нің бұл жағдайға ақша шашып, жалаудың көрсетілуіне тапсырыс берді деген ақпараттың жалған екендігін айтып, істің мән-жайына бармай жатып, бұл мәліметті таратып жіберген журналисттер мен блоггерларды сөгіп тастады. Айтуынша, оладың бұл әрекеті БАҚ және азаматтық журналистика өкілдерінің надандығын көрсетіпті.  

Естеріңізге салай кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары демалыс күндері әлемдегі ең биік ғимараттың сыртында Қазақстан туының көрсетілуі түсірліген үш минтуттық видео мен оған 68 мың доллар ақша жұмсалды деген ақпарат таратқан еді. Бұл мәліметпен жарнама агенттігі бөлісіпті-міс.

Оның алдында Дубайда ең биік Бурдж-Халифа ғимаратында Қазақстан жалауы көрсетілгені айтылған еді. 

 

stan.kz