СІМ Азат Еуропа/Азаттық радиосының жеті тілшісін аккредитациялаудан бас тартты

0
95

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азат Еуропа/Азаттық радиосының жеті журналисіне (Чехия, Ресей, Қырғызстан) Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауынан ақпарат таратуға рұқсат бермеді. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров сайлауға бір күн қалғанда яғни, 8 маусымда министрліктің Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшілеріне аккредитация бермейтінін хабарлады. Министрлік рұқсат бермеуінің себебін түсіндірген жоқ.

Смадияров аккредитацияға өтініш берген тілшілердің сайлау күні ақпарат таратпауы тиіс екенін ескерткен. Министрлікке өтініш тапсырған Азат Еуропа/Азаттық радиосының жеті журналисі бірнеше күн бұрын елге келіп қойған. Бұл шешімнің ел аумағында істеп жатқан Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақ қызметінің тілшілеріне қатысы жоқ. Министрлік бұған қоса, Қазақстанның Чехия, Ресей және Украина елшіліктерінде сайлау күні жұмыс істеуге де рұқсат бермеді.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының жеті тілшісі министрлікке құжаттарын 23 сәуірде тапсырған.

«Қазақстандағы сайлаулар – Азат Еуропа/Азаттық радиосының Орталық Азия және одан тыс аумақтағы аудиториясы үшін жаңалықтық жағынан зор мәнге ие. Қазақ билігінің сайлау қарсаңында журналистерімізді шектеуге тырысу өте өкінішті және бұл олардың сөз бостандығы ұстанымына байланысты алаңдатарлық жайт» деді Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті міндетін атқарушы Дэйзи Синделар.

Azattyq