Сібірдегі тасқыннан соң жоғалған 30 адам табылды
Ресейдің Иркутск облысында құтқарушылар тасқыннан кейін іс-түссіз жоғалған 30 адамды құтқарды. Аймақ басшылығы 7 шілдеде тағы 11 адамды іздестіріп жатқандарын хабарлады. Тасқыннан 22 адам қаза тапқан.
Жергілікті басшылық таратқан хабарда 30 адамның қашан құтқарылғаны және қазіргі халі жайлы ақпарат жоқ.
Маусымның соңында Иркутск облысында тасқын болып, 107 елдімекенді су басып қалған. 10 мыңнан астам үйге су кетіп, 33 мың адам басқа жаққа көшірілген. Ресей билігінің есебінше, тасқын шығыны — 29 миллиард рубль (шамамен 454 миллион доллар).