Си Цзиньпин Қазақстанға келеді
ҚХР Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары 14 қыркүйекке жоспарланған, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы ratel.kz сайтына сілтеме жасап.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы СИ Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек СМАДИЯРОВ мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.
— Мемлекет басшысының шақыруымен 14 қыркүйекте ҚХР Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Сапар аясында екі мемлекет басшылары арасында екіжақты келіссөздер жоспарлануда, сондай — ақ ынтымақтастықтың түрлі салаларында екіжақты құжаттарға қол қойылады, — деп хабарлады Смадияров.
Сапар елдер арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.