ШЫҰ Бас хатшысы сайлаудағы «карусель» туралы айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Шанхай ынтымақтастық ұйымның бақылаушылары алты аймақты бақылайтын болады

НҰР-СҰЛТАН,4 маусым – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымның бас хатшысы Владимир Норов бастаған байқаушылар тобы сайлауды бақылау үшін елордаға келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ШЫҰ миссиясы 25 адамнан тұрады. Олардың дені – ұйымға мүше мемлекеттердің заң шығарушы, атқарушы және сайлау органдарында жұмыс істейтін қызметкерлер.

ШЫҰ миссиясы қай қалаларда жүреді

«Біздің миссиямыз бақылау шараларын бастап кетті деуге болады. Қазіргі кезде олар сайлауға дайындық мәселелерін қадағалап жүр. Ұйымның өкілдері Қазақстанның жеті қаласына жіберілді. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Атырау мен Өскемен бар. Бұдан бөлек, осы қалалар кіретін алты аймақты қамтимыз», — деді Норов Орталық сайлау комиссиясында өткен бирфингте.

ШЫҰ бақылаушылары 7 маусымда сайлауды ұйымдастыру шараларына қадағалауға толығымен кіріседі. Ал 9 маусымда дауыс беруді жан-жақты бақылайды.

«Әрине, Қазақстанның сайлау заңнамасында көп жаңалықтар енгізілді. Ондай тәжірибе Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үшін үлгі болады деп сенеміз. Қазақстанда әйел адам алғаш рет президенттік сайлауда өз кандидатурасын ұсынып отыр. Сосын әрбір кандидаттың сайлауалды бағдарламасында да біраз мәселе көтерілді», — деп атап өтті Норов.

 «Карусель» қайталанбай ма?

Ұйым басшысының сөзіне қарағанда, әзірше заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Дегенмен, Қазақстандағы президент пен парламент сайлауларын бақылау тәжірибесіне сәйкес, тәртіп бұзушылықтар азайып келеді.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары осымен 10 рет Қазақстандағы сайлау науқанын қадағалауға келіп отыр. Осыны ескере отырып, бір нәрсені ерекше атап өткім келеді, бұрын халықаралық байқаушылар айтқан мәселелердің көбісі шешілді. Мәселен,  «карусель» деген нәрсе бар. Ондайда бір үйдің отағасы… Енді, аталған тәртіп бұзушылықтар толығымен жойылды деуге болады» , — деді Норов.

Тағы оқыңыз: Дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағат бойы санақ жүргізіледі 

Айта кетейік, сайлау кезіндегі «карусель» дауыс беру нәтижелерін бұрмалаудың бір тәсілі болып саналады. Халық арасында оны «вертолет»,»круиз» деп те атай береді. Ондайда сайлаушыларға ақша беріп, оларға бірнеше учаскеде дауыс беруге мүмкіндік жасайды. Осы топқа кіретін адамға алдын ала толтырылған бюллетень беріледі. Тәртіп бұзушы оны жәшікке салады да, жаңасын қайтадан сол адамдарға бере салады. Ол бюллетеньді тағы алдын ала толтырып, «карусельмен» жіберіп отырады.    

Қазақстандағы президент сайлауы

Кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады. Олар:

  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов; 
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдықбірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Президент сайлауына 12 067 475 бюллетень дайындалады.



sputniknews.kz