«Шырынның ағасы»: Жартылай шапан киген жалаңаш жігіт сынның астында қалды (фото)
Zhest_kz Instagram парақшасында жартылай шапан киген жалаңаш жігіттің фотосы жарияланды. Желі қолданушылары мұны сұмдыққа балап, дереу қатаң сынның астына алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Танымалдылық үшін жалаңаштануға барған қазақ жігітінің бұл әрекеті желідегілердің ашуын тудырған.
«Ұлтын масқара қылғандар», «Шырынның ағасы», «Масқара», «Адамдар танымалдылық үшін неге бармайды?», «Мұндай суретті жарияламау керек қой», «Деградация, қайда бара жатырмыз?», «Атақ үшін адамдар не істемейді?».
«Жігіт атынан садаға кеткір», «Қыздан ұят, жігіттен намыс кетті», «Мына намыссызды тауып, жазасын беретін адам бар ма?» деп пікір қалдырды желідегілер.
Айта кетейік, бірқатар пікір иелері ұлттық шапанды, әшекейді мазақ қылғандарға сазайын тарттыру керек деген жазба қалдырған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ қызының жалаңаш суреті мен хиджабтағы кейпі желіге таралып кеткен болатын.