«ShymQala» смарт қосымшасы уақыт үнемдеуге ыңғайлы

0

Қазірге мобильді қосымша қалаішілік №141, 147, 147А, 148А, 148Б, 102ША, 109ША, 118ША, 26 бағыттарына пилоттық режимде енгізілген.  Алдағы уақытта смарт қосымша оң жемісін беріп жатса шаһардағы барлық автобус бағыттарына орнатылмақ.

«Жүктелген қосымшада автобустар белгіленген карта болады. Онда қолданушы өзіне қажетті болған бағытты таңдау арқылы автобустың қай жерде келе жатқанын да біле алады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың аялдамада ұзақ уақыт тұрып қалу мәселесін жеңілдетеді», дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері.

Аталған қосымшаны смартфон иелері Play Market немесе Арр Store дүкендерінен жүктеп ала алады. Android құрылғылары үшін бұл әзірге сынақ нұсқасы, алдағы уақытта функциясы жаңартылып, пайдаланушыларға ыңғайлы етіп жасалмақ. Сондай-ақ Ios (IPHONE, IPAD, IMAC) жүйесі үшін де жаңа нұсқа әзірленеді.

Дереккөз: http://egemen.kz/