Шымкеттегі көкпардың арты аяусыз төбелеске айналды — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте өткен көкпардың соңы жаппай жұдырық алысуға ұласты. Қазандыққа теке салуға таласқан ат үстіндегі он шақты жігіттер бір-бірін қамшымен сабай жөнелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентітігі Астана арнасына сілтеп хабарлайды. 

көкпар

Желілерде тарап кеткен бейне үзіктерге қарап жағдайдың қиындап кеткенін байқауға болды. Сол жердегі комментатордың  сабырға шақырғанынан басылмай бір-біріне былапыт сөз айтып, аяусыз соққыға жыққан.

Тіпті, ұйымдастырушылар мен көрермендер отырған жерге жеткен. Полиция іске араласқан кезде бірде-бір зардап шегушіні таппады. Тәртіп сақшылары жаппай төбелеске қатысушыларды анықтады. Олар жауап алып, «бұзақылық» бабы бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Қазір қақтығыстың себептері анықталуда. Жергілікті спорт шенеуніктер төбелестің турнирге қатысы жоқ деп мәлімдеді. Өйткені оны жеке тұлға бастаған.

 

stan.kz