Шымкенттік шенеунікті жиын үстінде ұстап әкету әкімнің идеясы болатын — Антикор

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов шымкенттік шенеуніктің әкімдік жиынында тұтқындалуы туралы пікір білдірді. Бұл туралы Kazinform.kz халықаралық агенттігі жазды.

«Шымкент әкімі қатысып отырған жиын үстінен тараған көріністі қазақстандықтар қызу талқылап жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спектакльге айналып барады деп ойламайсыз ба?» деп сұрады журналист. Агенттік өкілі бұл оқиға ведомствода қаралғанын айтты. «Аталған оқиғаны қарадық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүкіл жерде ашық жұмыс істеп келеді. Тергеу органдары жіберетін шақырудың кез келгені мақұлдау арқылы іске асады. Осы тұрғыдан алсақ, аумақтық органымыз бұл жағдайды жергілікті атқарушы органның басшысы – әкіммен бірлесіп мақұлданған. Бұл қала әкімінің бастамасы болса керек», — деді Саян Ахметжанов.