Шымкенттік шенеуніктердің қызметтік көлігі түнде сауна алдында көзге түсті — новости Казахстана

0

Шымкентте бірнеше ведомство жетекшісі жұмыстан тыс уақытта қызметтік көлігімен жүремін деп рейдке түсіп қалды. Олардың кейбірі полициядан қашып құтылмақ болған деп хабарлайды «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: "Время" басылымы

Фото: «Время» басылымы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент жетекшісі Әли Көмекбаевтың айтуынша, жергілікті басшылыққа жұмыстан тыс уақытта қызметтік көліктерін жеке мақсатта пайдалануға болмайтыны ескертілген.

Алайда полиция қызметкерлері жүргізген рейд барысында шенеуніктердің кейбірі ережеге құлақ аспағаны анықталды. Олардың көліктері қымбат мейрамханалар мен сауналардың алдында да көзге түсіпті.

Алғашқылардың бірі болып, сағат сегіз жарым шамасында Шымкенттегі №3 қалалық емхананың бас дәрігеріне тиесілі «Лада Гранта» қызметтік көлігі назарға іліккен. Жүргізуші басшысын үйіне жеткізіп, енді көлік тұрағына бара жатқанын айтыпты.

Екінші жағдайда көлік жуу орнында Мемлекеттік басқару академиясына тиесілі «Шевролет» қолға түсті. Жүргізуші жолдамасында көлікті гаражға қою уақыты 21:00 деп көрсетілген.

Осыдан кейін агенттік қызметкерлерінде оқу орталығының жұмысы 18:00-де аяқталса, үш сағат бойы көлік қайда жүреді деген сұрақ туындап, нәтижесінде оған да акт толтырылған.

Сондай-ақ, қала көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері әкімдік нөмірін таққан қара түсті KIA-ны байқайды.

«Жүргізуші бастығы (Шымкент әкімінің орынбасары) шұғыл шақырып қалған соң кешкі асын ішіп үлгермегенін айтып ақталды. Ол «Нұр Отанға» бір жиналысқа баруы керек болыпты», — деп жазған мақала авторы.

Ал түнгі шамасында тоқтатылған «Камри» 70 жүргізушісі Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысын таңертең ерте Астанаға ұшатын болғандықтан Шымкентке түнде алып келгенін айтқан.

Мақаланы көшіріп басу немесе пайдалану үшін «Время басылымы» ЖШС рұқсатын алу міндетті!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар