Шымкенттік полицейлер өткізу пункттерінен адамдарды ақша үшін өткізген — Қазақстан жаңалықтары

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент полициясы бақылау-өткізу пункттерінен өткізу үшін адамдардан ақша талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күзетші болу үшін 1 млн теңге: Елімізде жұмысқа тұру үшін

Қаладағы жол-патрульдік полиция полкіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты полиция қызметкері Жангелдин көшесіндегі ішкі бақылау бекеті арқылы рұқсатсыз кедергісіз жүріп-тұруы үшін және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін ЖШС өкілінен 25 мың теңге көлемінде пара алды», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Қуаныш Жапақов.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаменті Шымкент қалалық полиция департаментінің Қаратау ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол Түркістан облысының тұрғындарынан төтенше жағдайдағы Таскешу өткізу бекеті арқылы кедергісіз жүру және шығуы үшін 15 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелді», — деді Жапақов.

 

stan.kz