Шымкенттік полицей 400 мың теңге параны алмай қойды

0

Жандос Сұлтанов департамент басшылығының қолдауымен ақшалай сыйақымен марапатталды.

Алаяқтық туралы істі жабу үшін лауазымды тұлға полицейге пара ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылдың 20 ақпанында Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 367 бабы бойынша пара беру дерегі орын алды.

— Лауазымды тұлға алаяқтық фактісі бойынша қозғалған істі тоқтату үшін полиция майоры Сұлтанов Жандос Айбарұлына 400 мың теңге көлемінде пара беруге әрекеттенді. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Ережелерге сәйкес, 2019 жылдың 25 ақпанында Шымкент қалалық полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының Тергеу бөлімінің бастығы, полиция майоры Жандос Сұлтанов департамент басшылығының қолдауымен ақшалай сыйақымен марапатталды, — деп хабарлады Шымкенттің полиция департаменті.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz