Шымкентте отағасы жанжалдан соң әйелін қайтарған полицейлерге алғыс айтты (видео)

0
484

2020 жылдың 31 желтоқсанында Шымкент қаласының тұрғыны Айсұлу Бахтиярова жұмысына кетіп, үйіне оралмаған.

Полицейлер әуежайда жұмыс істейтін әйелді Алматы қаласынан іздеп тапты.  Дереккөз мәліметінше, 2020 жылдың 31 желтоқсанында Шымкент қаласының тұрғыны Айсұлу Бахтиярова жұмысына кетіп, үйіне оралмаған.

Осы дерек бойынша Шымкент қаласының ПД Абай аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы әріптестерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында із-түзсіз жоғалған келіншекті 9 қаңтарда Алматы қаласынан тапты.

“Оның денсаулығына және өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында оның отбасылық жанжалға байланысты кетіп қалғаны анықталды. 2021 жылдың 10 қаңтарында полицейлер оны Шымкентке әкеліп, отбасына қайтарды. Өз кезегінде жергілікті тұрғын із-түзсіз жоғалған зайыбын тауып бергені үшін полицейлерге алғысын жеткізді”, – делінген хабарламада.