Шымкенттік науқастың отбасындағы 8 адам коронавирус жұқтырды

0

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы бүгін анықталған сегіз науқастың бір-бірімен туыстық қатынасы бар екенін хабарлады

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Шымкентте бүгін сегіз адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, барлығы бір отбасының мүшесі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елордада індетке шалдыққан бес адам ауыр хәлде жатыр 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, сегіз адам бұған дейін вирус жұқтырған үшінші науқаспен байланыста болған. Ал мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram желісінде науқастардың туыстық қатынасы бар екенін хабарлады.

«Қазір барлығы оқшауланды, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр», — деді басқармадағылар.

Бүгінгі күні қалада коронавирус індетін 11 адам жұқтырған. Соңғы мәлімет бойынша, елімізде науқастардың саны 423-ке жетті.  



sputniknews.kz