Шымкенттік «дерзкий» ақсақал 23 мың теңге айыппұл төлейді
Түркістан облысында Chevrolet автомобилінің жасы үлкен жүргізушісі өз көлігімен Lada-ны жылжытқан болатын. Ол әкімшілік жазаға тартылды.
Аудандық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамды көлік жүргізу куәлігінен айырып, айыппұл салу үшін барлық жиналған ақпарат аудандық сотқа жолданды.
Ереже бұзған қария Lada автокөлігінің барлық шығынын өтеп бергендіктен, Түркістан облыстық соты оған 23 336 теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ ол бір жарым жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.
Еске сала кетсек, Түркістан облысында жасы үлкен ер адамның қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Ол қарсы алдындағы автокөлікті өзінікімен итеріп, бірнеше метрге дейін жылжытып тастады.
Артынша ол бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.