Шымкенттегі Тоқаев көшесі
Осыдан отыз жыл бұрын Шымкент көшелерінің біріне Тоқаев есімі берілді
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Шымкенттегі Тоқаев көшесі Қазақстан президентінің құрметіне емес, оның ардагер әкесі, белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың атымен аталған.
©
Sputnik / Тимур Назаров
Кемел Тоқаев көшесі, Шымкент
Көше өте шағын, ұзындығы небәрі жарты шақырым ғана болады. Ол «ескі қала» (шағын сауда орындары шоғырланған аудан) мен орталық алаңды байланыстырып тұр.
©
Sputnik / Тимур Назаров
Кемел Тоқаев көшесі, Шымкент
Үйлердің дені — екі немесе үш қабатты. Бірен-саран бес қабатты үйлерді де көз шалады. Көшенің көркін ашып тұрған басты ғимарат — «Энергопоток» кеңсесі. Мұнда энергия тұтыну үшін төленетін сомаға көңілі толмаған тұрғындар келіп, өз мәселелерін шешеді. Қаратау аудандық соты мен Шымкент қалалық тергеу соты да осында.
©
Sputnik / Тимур Назаров
Кемел Тоқаев көшесіндегі сот ғимараты
Жолда келе жатып, мүлт кетсең, шалшыққа түсіп кетуге болады. Алайда мұның бәрі уақытша. Жазда жер құрғап, көшенің кейпі өзгеріп шыға келеді.
Шымкенттіктер көшеге кімнің есімі берілгенін білмейтін болып шықты. «Қоғам қайраткерлерінің бірі болар» ,- дейді тұрғындар.
©
Sputnik / Тимур Назаров
Кемел Тоқаев көшесі, Шымкент
Бұл көшенің тарихы жайлы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та білмеген. Қазақстан президенті қызметіне тағайындалған соң, Қасым-Жомарт Тоқаев үшінші мегаполис басшысымен кездесіп, Шымкенттегі қала құрылысы мәселесін талқылады. Кездесу кезінде Тоқаев көшесі жайлы да сөз болды. Шымкент тұрғындары сынды Ғабидолла Әбдірахымов та бұл көшенің кімнің құрметіне аталғанын білмейтін болып шықты. Алайда жаңа президент мұны көңіліне алмай, көшеге әкесінің есімі берілгенін айтып берді.
©
Sputnik / Тимур Назаров
Кемел Тоқаев көшесі, Шымкент
Тоқаев көшесін қандай өзгеріс күтіп тұрғаны әлі белгісіз. Бірақ оның атауы өзгермейтіні анық.
sputniknews.kz