ШЫМКЕНТТЕГІ ШЫРША ТОЙЫ | «Айқын» газеті

0

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық шырша тойы өтті.

Мерекеге жиналған бүлдір­шін­дерді Еңбекші ауданының әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Ғалымжан Ильясов осы жылдағы то­лағай табыстармен бөлісіп, қатысушы ата-аналар мен балаларды санаулы күндерден кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Жаңа жыл – барлық балалар үшін ең керемет, ең сүйікті мереке. Жаңа жыл­ды әр бала асыға күтеді, оны қуаныш, көптеген сыйлықтар түрінде елестеді. Осы орайда «Нұр Отан» пар­тиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында бүгінгі ша­раны ұйымдастырдық, – деген аудан әкімі балаларға сыйлықтар тапсырды.
Жаңа жыл кешіне арналған кон­церттік бағдарламада ертегі кейіп­кер­лерінің қатысуымен театр­лан­дырылған қойылым көрсетіліп, түрлі қызықты байқаулар өткізілді.
– Қамқорлықты қажет ететін жан­дарға қол үшін беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қамкөңіл балаларға қуаныш сыйлаған партияға алғысым шексіз, – деді ата-аналар атынан сөз алған Гүлжахан Қайназарова.
Мереке соңында мүмкіндігі шек­теулі балалар ертегі кейіпкерлерімен, Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, суретке түсті, ұйымдастырушылар сый­­лығына ие болып, мәре-сәре күйге түсті.

Тельман БЕЙСЕН

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз