Шымкенттегі пәтерден екі үндістандық студенттің денесі табылды

0

Олар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының екінші курс студенттері, 20 және 21 жастағы азаматтар.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында үш шетелдікпен тұрғын үй жалдап тұрған.

Жастар көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болды деген бастапқы нұсқа алынып тасталды.

Пәтерде орнатылған газ колонкасы мен ас үй плитасын қосуда бұзушылықтар анықталған жоқ, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Студенттердің өлімінің себебін сараптама анықтайды.

фото: bug.org.ua