Шымкенттегі футбол матчы кезінде жанкүйер алаңға жүгіріп шықты – видео
Қысқа сілтеме алу
Стадионда тәртіп бұзған фанатты ұстаған полицейлерге жанкүйерлер су құйылған бөтелке лақтырды
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Полицейлер жергілікті «Ордабасы» командасы мен чехиялық «Млада Болеслав» клубы арасындағы футбол матчының көрерменін ұстады.
Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды.
Шымкентте өткен матчта жігіт алаңға жүгіріп шықты. Оның соңынан бірнеше тәртіп сақшысы қуды. Олар фанатты ұстаған кезде, басқа көрермендер полицейлерге су құйылған бөтелке лақтыра бастады.
«Матч кезінде жанкүйерлердің бірі алаңға жүгіріп шықты, оны тәртіп сақшылары дер кезінде ұстады», — деп хабарлады қала полициясының баспасөз қызметі.
©
Photo : пресс-служба ДП Шымкента
«Ордабасы» — «Млада Болеслав» футбол матчы кезінде жанкүйер алаңға жүгіріп шықты
Тәртіп сақшылары тым әсершіл жанкүйермен профилактикалық әңгіме өткізгені айтылды.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Млада Болеслав» (Чехия) матчы
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы қазақстандық және чехиялық клубтың кездесуі 2:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Матчты барлығы 21,5 мыңнан астам көрермен тамашалады.
sputniknews.kz