Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус төрт адамды басып өлтірді (видео)
Оқиға 8 сәуірде сағат 18:30 шамасында Бәйтереков көшесінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші маршрутты аяқтап, автобустан шығып кеткен. Бірақ автобус кенеттен жүріп кетіпті.
Автобус жаяу жүргіншілер өткелінде алты адамды қағып кетті: екі әйел мен жасөспірім сол жерде қайтыс болды. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханада қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл автобустың техникалық қателігі ме, әлде жүргізушінің немқұрайлылығы ма, құқық қорғау органдары анықтайды.
Фото: http://t.me/orda_kz