Шымкентте жүргізуші жасөспірімді қағып өлтіріп, қашып кетті
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/593/90/5939058.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/incidents/20191206/12216766/Shymkent-zhasospirim.html
Темірлан тас жолында екі жасөспірімді көлік қағып кетті, бірі алған жарақатынан көз жұмды, екіншісі жансақтау бөліміне түсті
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қаласында көлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.
«2019 жылдың 4 желтоқсанында Шымкент қаласында Темірлан тас жолы бойында жүргізуші автокөлікпен кәмелетке толмаған екі жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оның біреуі алған жарақатынан көз жұмды, екіншісі түрлі жарақатпен Шымкент қаласының медициналық мекемесінің жан сақтау бөліміне жеткізілді», — деп хабарлады құқық қорғаушылар.
Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті
«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады. Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде», — делінген ресми хабарламада.
sputniknews.kz