Шымкентте жүрегі тоқтап қалған 90 жастағы кейуана тіріліп кетті

0
Шымкентте жүрегі тоқтап қалған 90 жастағы кейуана тіріліп кетті


90 жастағы қарияның жүрегі тоқтап қалған.

Шымкентте жүрегі тоқтап қалған 90 жастағы кейуана тіріліп кетті. Туыстары бірден жедел жәрдем шақырған. Оқиға қаладағы жеке үйлердің бірінде болған. Мамандар қарт әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетті. Анықталғандай, пациент инфаркт алған екен. Дәрігерлер әйелді тірілтіп алды. Медициналық тексеру кезінде науқастың жағдайы өте қиын болған: ырғақ бұзылуы және аритмиялық шок.  Миокард инфаркт диагнозы қойылған. Пациент клиникалық өлімді бастан өткерді, бірақ дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясы, дефибрилляция жасап, жүрек ырғағы және тыныс алуы қалпына келтірілді.