Шымкентте жарты ай бұрын жоғалған 20 жастағы жігіт өлі күйде табылды
Шымкентте осыдан жарты ай бұрын жоғалып кеткен 20 жасар жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы Шымкент ПД хабарлады.
«Көзбен шолып шыққанда зорлық-зомбылықпен өлім белгілерін анықталған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.