Шымкентте жаппай төбелескен мектеп оқушыларына үкім шықты

0
22

26 желтоқсан күні Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жаппай төбелес ұйымдастырып, суық қару қолданған мектеп оқушыларын соттады. Бұл туралы Азаттыққа қалалық соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби хабарлады.

Қабыл Дүйсендидің айтуынша, қыркүйек айының басында айыпталушы Ерасыл Тоқтасын, Бекайдар Алдабергенов, Бақдәулет Жаниманов алдын ала сөз байласып, атыс қаруы мен пышақ қолданып №65-мектеп-гимназиясының оқушыларына әлімжеттік жасаған. Бақдәулет Жаниманов Қылмыстық Кодекстің «Бұзақылық» бабымен, Бекайдар Алдабергенов «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және «Бұзақылық» бабымен, Бақдәулет Жаниманов «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабымен кінәлі деп танылған. Сот Жанимановтің бас бостандығын 1 жылға шектеп, Алдабергенов пен Тоқтасынды 3 жылға шартты жазаға кесті.

Үкімді тыңдауға келген сотталушылардың туысқандарынан қандай да бір комментарий алу мүмкін болмады.

Судья үкім шығарарда айыпталушылардың бұрын сотталмағанын, кәмелет жасқа толмағанын, кінәсін толық мойындағанын ескергенін айтқан.

Үкім жаппай төбелес кезінде жеңіл жарақаттанған жәбірленуші оқитын №65 мектеп гимназиясында оқылды. Сот тергеуін судья Дәурен Сайханов жүргізді. Сотталушы Жаниманов пен Алдабергенов – мектеп оқушысы, ал Тоқтасын 2018 жылы мектепті тәмамдаған.

Сот үкімі күшіне енген жоқ. Сотталушылар 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз