Шымкентте жаңа жылдың алғашқы күні 60 нәресте дүниеге келген

0
Шымкентте жаңа жылдың алғашқы күні 60 нәресте дүниеге келген


Шымкентте жаңа жылдың алғашқы  күні 60 нәресте дүниеге келген.

Шымкентте 1 қаңтар күні 60 нәресте дүниеге келген. Сәбилердің 35-і — ұл және 25-і — қыз бала екені белгілі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шымшаһарда үш перзентхана бар. Қазір сәбилер аналарымен бірге дәрігерлер бақылауына алынған. Дәрігерлер нәрестелердің жағдайы жақсы екенін айтады. Жаңа жыл түні Шымкентте 49 нәресте туған болатын.  Олардың  дені — ұл балалар. Яғни, бұл күні перзентханаларда 27 ұл, 12 қыз бала өмір есігін ашқан еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат