Шымкентте жалдамалы пәтерден екі әскери қызметшінің мәйіті табылды

0

Қаза болған әскери қызметшілер туыс болған, қазіргі кезде олардың неден көз жұмғаны анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Шымкентте жалдамалы пәтерден екі әскери қызметшінің денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі жігіт үйді жылыту үшін газ плитасын пайдаланған. Салдарынан иіс тиіп қайтыс болуы мүмкін.

«24 ақпан сағат 8:40-та кезекші бөлімге Түркістан көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен екі ер азаматтың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Екеуі де Шымкент қаласындағы №556/52 әскери бөлімінде қызмет атқарған. 1992 және 1994 жылы туған олар бір-біріне туыс болып келеді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде олардың неден көз жұмғаны анықталып жатыр. Сот- медициналық сараптама белгіленді.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен 4 полиция қызметкері жұмыс істеуде.

Тағы оқыңыз: Талдықорғанда әскери қызметшіні кім өлтіргені белгілі болды



sputniknews.kz