Шымкентте тойда оқ атылды

0

Қанды оқиға 14-нен 15-не қараған түні үйлену тойында орын алған.

Шымкентте тойда жанжал туындап, ақырында жанжал шығарғандардың бірі екіншісін атып тастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанды оқиға 14-нен 15-не қараған түні үйлену тойында орын алған.

Полиция департаментінің мәліметінше, бірнеше ер азамат арасында өзара жанжал туындаған. Ұрыстың соңы атысқа ұласқан.

«Жанжал барысында қатысушылардың бірі травматикалық қарудан С. есімді азаматқа бірнеше рет оқ атып, маңдайы мен ішін жарақаттаған. Ал екіншісі оның арқасына пышақ жарақатын салған. Осыдан кейін олар «Мазда» маркалы автокөлігімен оқиға орнынан бойтасалау кезінде Полиция департаментінің арнайы автокөлігімен соқтығысқан», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жарақат алған ер азамат қалалық ауруханаға жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Полиция қызметкерлері жанжалдың барлық қатысушыларын анықтап, күдіктілерді қолға түсірді. Енді сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!