Шымкентте тағы 31 тұрғын су тасқынынан кейін эвакуацияланды — Қазақстан жаңалықтары
Шымкенттің Еңбекші ауданындағы Гаухар тас көшесін су басқаннан кейін 31 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінде хабарлады.
Су тасқыны Шымкенттің Еңбекші ауданындағы Гаухар тас көшесінде орын алды. Жауын-шашынның салдарынан Бадам өзенінің суы арнасынан асып кетті. Бұл туралы ТЖД-ге кеше 14 мамырда түнгі сағат 01:14-те хабарланды.
«Өзен жағасының құлауына байланысты су екі тұрғын үйдің қирауына қауіп төндіреді (үйлерге дейінгі қашықтық 7-8 метр). ТЖМ күштері Бадам-1 елді мекеніндегі № 84 орта мектебінің базасында 31 тұрғынды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 16 жұмысшы және 5 техника жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 112 қоңырау шалу қызметіне тұрғындардан аулаларды су басу туралы 23 өтініш келіп түсті, қызметкерлер тез арада барлық қоңырауларға жауап беріп, суды сорып алды. Барлығы 973 текше метр су сорып алынды. Оған 97 қызметкер, 23 техника жұмылдырылды.
Еске салайық, 13 мамыр, сәрсенбі күні кешке Түркістан облысында нөсер жаңбырдың кесірінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты ондаған жеке үйлер су астында қалды. .
Су басқан 60 үйден адамдарды эвакуациялық пункттерге тасымалдау үшін қоғамдық көліктер ұйымдастырылды. ТЖМ атап өткендей, барлығы 150 адам эвакуацияланған, шамамен 150 адам туыстарының үйіне орналастырылған. Зардап шеккендер жоқ.
stan.kz