Шымкентте сот ажырасқан жұптың үш баласын әкесінің қолында қалдырды

0

Шымкентте сот ажырасқаннан кейін үш баласын әкесімен қалдырды. Олар анасымен бірге демалыс күндерін айына екі рет өткізеді. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап бойынша азаматтық істі Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

«Талапкер 2015, 2017 және 2022 жылдары туылған кәмелетке толмаған балалардың мүдделеріне сүйене отырып, олардың тұрғылықты жерін олардың мекен-жайы бойынша анықтауды сұрады», — деп атап өтті сотта.

Сот отырысында ата-аналар медиация тәртібімен келісімге келді.

Сот балалардың мүдделерін, тараптардың отбасылық және материалдық жағдайын, анасының келісімін ескере отырып, дауды медиация тәртібімен шешу туралы ұйғарым шығарды.

Осы Келісімге сәйкес, 10, 8 және 3 жастағы үш бала әкесімен бірге тұратын болды. Ал анасы олармен айдың әр екінші және төртінші сенбісінде таңғы 10-нан жексенбі күнгі кешкі 7-ге дейін кездесе алады.

Соттың ұйғарымы әлі заңды күшіне енген жоқ.