Шымкентте «разборкада» 17 жасар ұлынан айырылған ана жанайқайын жеткізді

0

Шымкентте қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 17-18 жастағы жігіттер арасындағы төбөлестің салдарынан болған кісі өліміне қатысты сот процесі басталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте "разборкада" 17 жасар ұлынан айырылған ана жанайқайын жеткізді

Өткен жылдың қазан айының 5-і күні Шымкент қаласы Самал-3 шағынауданында бозбалалар «кім мықтыны» анықтау үшін өзара кездесу жасапты.

Жеткіншектер арасындағы «разборкада» 06.05.2001 жылы туған Махамбетəлі Əбунасыр атылған оқтан көз жұмған.

«Əкесімен бірге кезекпен жұмыс істеп жүрген еді балам. Өзім сол күні бір күн бұрын қайтыс болған келінімді жерлеп, балаларына бас көз болуға жолға шығып кеткен ем.

Жарты жолдан қайттым ғой. «Ата қайтыс болды» деп шақыртқан бізді. Тұңғышым Əбунасырымның мерт болғанын таңда Шымкентке жеткенде бір-ақ білдім.

Сот басталды. Əділдік болсын, оқ атқандар, кінəлілер заң алдында тиісті жазасын алсын деген тілек менде», — дейді марқұмның анасы Айсұлу Асанова.

Тұла бойы тұңғышынан қапелімде мəңгілікке көз жазып қалған анасы перзентінің өліміне күдіктілердің туыстары қырқы өтіп кеткен соң келіп, кешірім сұрағынын айтады.

«Тіпті «миллиондап ақша берейік, кешірім бер» деді. Туыстарым «Өлген балаң өлді. Кеткенді қайтара алмаспыз. Кешірімге кел», — деген соң ойланып ем.

Сөйтсем, күдікті балалардың туыстары «екі бөлмелі үйімді ал, анау мынау» деп саудаласып тұр. Ендігəрі сөйлеспеспін. «Кешірмеймін де»деп кетіп қалдым.

Менің ендігі бар мақсатым — кінəлілер заң алдында тиісті жазасын алсын. Сол ғана», — дейді шарасыз ана.


Тегтер:разборка