Шымкентте қызды зорламақ болған екеуді ұрып жыққан жігіт марапатталды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шымкентте қызды зорламақ болғандардан құтқарғаны үшін гвардиялық Артем Калашниковты марапаттады, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Хабарланғандай, гвардияшыға «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.
«Артемнің бұл әрекеті әрбір қазақстандық үшін, әсіресе оның әріптестері үшін үлгі болып табылады. Ол демалыста болғанына қарамастан, гвардия азаматтық және кәсіби парыздың жоғары сезімін бір минутқа ұмытпады. Жүктелген міндеттерді орындау барысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері осындай жағдайларға тап болады, онда азаматтарды түрлі қауіп-қатерлерден құтқарады», — деді Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Амриев.
Ол Артем Калашниковқа марапат берді. Ал Шымкент полиция департаментінің басшылығы Артемді грамотамен марапаттады.
Еске сала кетейік, оқиға 13 ақпанда Шымкентте болған.