Шымкентте қыздары мен күйеу баласы кейуананы соққыға жығып, қолын сындырып кеткен (видео)

0
3257

Шымкентте туған қыздары мен күйеу баласы анасын соққыға жығып, қолын сындырып тастады. Оқиғаны заңгер Еркін Қахаров бөлісті.

«Туыстарының айтуынша, Алтынгүл қыздарын ерекше жақсы көріп, өмір бойы солар үшін жұмыс істеген. Ешуақытта той мен шипажайларға бармаған, ұрмаған-ұрыспаған. Солар өскен соң ұрып тастап отыр. 21 ғасыр балаларының алғысы осындай болып отыр», — деп жазды ол.

Оның айтуынша, 2018 жылы Алтынгүл есімді кейуана өзінің кіші қызына күйеуі екеуі бірге салған үйді сыйға тартқан. Анасы мен қызы алғашқысы осы үйде әрі қарай да тұра береді деп келіскен.

Қайғылы жағдай болып, араға 10 күн салып Алтынгүлдің кіші қызы көз жұмады. Жылжымайтын мүлік осылайша қызының күйеуі мен оның екі баласына қалады. Сондай-ақ, 1/8 бөлігі әжейге тиесілі болған.

Әйелінің өліміне 40 күн толған соң ер адам енесін үйден қуа бастайды. Ол өз кезегінде бұл үйден басқа барар жері жоғын айтады.

Бұдан кейін сот болып, зейнеткер жеңіліс табады. Ол адвокаттарға миллиондаған теңге жұмсаған.

Осыдан кейін күйеу бала қарт ананының екі қызы Нағима және Бағилямен қосылып, Алтынгүлді ұрып кетеді. Әйелдің қыздары да осы үйден үлесін алмақ ниетте болған.
Арада болған жағдайдан кейін қарт ана шыдамай өзіне қол салмақ болады. Бақытына орай бұл ойы жүзеге аспай қалды.

«Шымкент қаласы Абай ПБ, Шымкент қалалық полиция департаменті, әжені ұрып тастаған қыздары мен күйеу баласын жазалауды сұраймыз. Алтынгүл әженің сол қолының білегі сынған, көп жері сырылған, қансырап көгерген», — деп жазды заңгер.