Шымкентте қыз алып қашып, зорлады деп айыпталған жігіт туралы не білеміз? — Қазақстан жаңалықтары

0

Сұлтан анасына Қанткүлге хабарласқанда, ол үйін кепілге қойып, баласы қамаудан босатылып шыққанын хабарлады. Тергеу амалдары әлі жүріп жатыр. Бұл туралы қызды алып қашып, зорлады, кейін өзіне-өзі қол салуға итермеледі деген жігіттің анасы Stan.kz сайтына хабарлады.

Шымкентте 19 жастағы Аружанда алып қашып, еркінен тыс үйде ұстап отырды, кейін зорлап, өзіне-өзі қол салуға итермеледі деген Сұлтан Әбдуманап әнге әуес, өнерге жақын жігіт болып шықты.

Анасы Қанткүл ханым баласын: «Мінезі ауыр, арақ-шарап ішпейді, темекі шекпейді, пиво ішпейді, қарапайым бала, айтқанды тыңдайды»,- деп сипаттады.

«Екінші балам Асылжан екінші сыныпта оқиды. Беташар өтті, қуғыншы келді, көңіл күйіміз жақсы болды, тойға дайындалып жатқан кезде осындай оқыс жағдай болды. Баланы ұнатпаса молда некесін қиюға келген ойын айтуға мүмкіндігі болды. Мен бұл баланы ұнатпаймын, мен бұл жерде тұрмаймын деп. Бірақ оның бірі айтылмады. Кетіп қалуға талай мүмкіндігі болды, есік алдына дүкенге шығады, анасымен дүкен аралады, тойға дайындалғанда», — дейді Сұлтанның анасы.

Жігіттің анасының айтуынша, қыздың тарабы қойған айыптары бойынша ешқандай дәлел жоқ.

«Бұлардың не көздегенін, не мақсат бар екенін түсінбедім. Миым жетпей жатыр. Дәлел жоқ ешқандай. Қорғаушымыз олардың қойылған айыптарының негізсіз екенін Қылмыстың Кодекс бойынша барлығына жауап беруге дайын», — дейді жігіттің анасы.

Сұлтанның қорғаушысы Жарылқапберді Өмірзақов тергеу тарапынан көптеген заңбұзушылықтар орын алып жатқанын айтады.

Бұған дейін Сұлтанның анасы отандық арналардың біріндегі ток-шоуға қатысып, баласына жала жабылып жатқанын айтып, халықтан көмек сұраған еді. Әйелдің айтуынша, қыз тарапының мақсаты ақша табу, олар жігіттің ата-анасынан 3 млн теңге талап еткен көрінеді.

stan.kz