Шымкентте қыз алып қашқан жігіт 4 жылға сотталды

0

Маңғыстау облысының тұрғыны адам ұрлағаны үшін сотталды. Оған 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Г. есімді азамат  Instagram арқылы Шымкент қаласының тұрғынымен танысқан. Көп ұзамай Шымкентке келіп, үйлену мақсатында қызды Байтұрсынов көшесінің бойынан алып қашып, Маңғыстау облысы бағытына шыққан.

Жігітке қатысты қылмыстық кодекстің 125-бабы 1-бөлігі (адам ұрлау) бойынша іс қозғалды.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, оқиға болған жерде түсірілген видеоны тексеру актісімен, сотталушының өз кінәсін мойындауымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Аталған азаматқа қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.