Шымкентте қоқыс контейнерінен әйелдің мәйіті табылды

0

Шымкентте қоқыс контейнерлерінің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Otyrar.kz сайты жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы Жангелдин көшесіндегі қоқыс контейнерінің жанынан өтіп бара жатқан адам полицияға хабар берген. Мәйіт көрпеге оралып, үлкен сөмкеге салынған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әйел шамамен 35 жаста. Оның жанында ешбір құжат болмаған.

Сонымен қатар әйелдің денесінде соққының іздері бар.