Шымкентте қолы жоқ такси жүргізушісіне Желі қолданушылары жаңа көлік сыйлады

0
1505

Шымкентте бір қолы жоқ такси жүргізушісі әлеуметтік желі қолданушыларына әсерлі өмірбаянын бөлісіп, көлікке ие болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Журналист Мақсат Толықбай Instagram-парақшасында такси жүргізушісінің қиын тағдыры туралы айтып берді. Шымкенттегі зауыттардың бірінде жұмыс істеп жүргенде бір қолынан айырылған. Кейін отбасын асырау үшін такси жүргізе бастаған. Сонымен қатар, ер адам қатерлі ісікпен ауырады.

Журналист механикалық көлік мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайсыз екенін айтты. Такси жүргізушісінің айтуынша, оның автомат беріліс қорабы бар көлік алуға қаражаты жоқ.

Журналист оқырмандарды игі іс істеуге шақырды. Бір аптадан кейін халық жинаған ақшаға Оңтүстік Кореядан жаңа көлік сатып алынды:

Сүйінші!! Алты алаштың атынан Ақарысқа темір тұлпар мінгіздік. Мүгедектігіне механика машақат болған таксишінің автомат алсам деген арманын орындадық.
«kia k5» маркалы машина клиентке де, таксиге де қолайлы.

Кореядан келген күйі осы. Ақырыс  Қазақстандағы бірінші қожайыны. Құтты болсын, игілігіңізге  мініңіз!

Айта кетейін,  осыған бірнеше күн бұрын яндекс таксиге отырдым.  Қарасам, жүргізушінің оң қолы жоқ. Расында механика ыңғайсыз, коробка автомат алу керек қой дедім. «Оған жағдай қайда, арманым да сол»  дейді. Қолым жоқ демей,  күндіз-түні жолаушы тасып,  бала-шағасын асырап, адал нәпақа тауып жүрген азамат. Ақарысқа коробка автомат  көлік сыйлап қуантсақ қайтеді» деп ұсыныс тастаған едім, инстаграмдағы ағайын   қолдай кетті. Сол үшін қара ормандай қалың қолдаушы оқырманға мың алғыс!

Сонымен қатар, @dulat_tastekey ге ерекше рахмет!
Телефонмен сөйлестік:
«Инстаграмнан видеоңды көрдім, қанша ақша жиналды?» деді. Оқырмандарым бір күннің ішінде 5 миллион теңгеге жуық қаржы жинап бергенін айттым. «Бейнетте жүрген жігіт екен, әперген соң көліктің жақсысын сыйлайық, мен өз атымнан тағы 5 миллион теңге қосайын»деді. Дәкең мәрт азамат қой. Былтыр батысқа шөп жинаған Құрмет Талапқазыға үй әперет кезде де жарты ақшасын өзі көтерген еді.  » Мәке,  бізден көмек болсын деп 1 миллион теңге қосқан @elge_komek_ber қорының азаматтарына да мың алғыс!  » Көп түкірсе 👉көл» деген осы. Бір-бірімізді қуантып жүрейікші. Астанаға жақсы көңіл-күймен қайтып барамын- дейді Мақсат Толыбай

«Темір тұлпарды» ұсынған сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Көзіне жас алған таксиші халыққа алғысын айтып, баршаға денсаулық тіледі.