Шымкентте қару асынған әскер бөлімнен кетіп қалған — Қазақстан жаңалықтары
Шымкент маңындағы әскери бөлімнен қару асынған жауынгер кетіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты қорғаныс министрлігі растады.
«Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісім-шарт бойынша әскери қызметші кіші сержант А.Балғынбай рота бойынша кезекші ретінде ауысым кезекшісі құрамында болып, бөлімді өз еркімен тастап кеткен», -делінген ақпарттық хабарламада.
Сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталыпты.
Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күштері әскери қызметші мен жоғалған қаруды іздеу және ұстау бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде екен.
Аталған оқиға бойынша қарудың жоғалуы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.
stan.kz