Шымкентте қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды
Ұсталған шенеуніктің өзі еңбек демалысында жүрген екен.
Шымкентте қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz «Отырар» басылымына сілтеме жасап.
Экс-шенеунік қала мектептеріндегі асханаларды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерден жалдау мерзімін ұзарту үшін бір жарым миллион теңгеге жуық ақшаны пара ретінде алған.
Ол екі айға қамауға алынды. Оған ҚР ҚҚ 366 бабы, 3 б., «пара алу» бойынша айып тағылды.
Бұл ақпаратты Шымкент қалалық Білім басқармасы жоққа шығармады, алайда орынбасардың ұсталған кезде еңбек демалысында болғанын жеткізді.
«Шымкент қаласы бойынша білім басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарған адам еңбек демалысын сұрап, одан әрі жұмыстан босату туралы арыз жазып кеткен. Қазір ол еңбек демалысында. Бізде одан басқа ақпарат жоқ «, – деді қалалық білім басқармасының өкілі.
Ұсталған кісі Шымкенттің мамандандырылған сотының санкциясымен қамауға алынды.
«Экс-шенеунік екі айға қамалады. Бүгін күдікті қамау шарасының орнына кепілдік енгізуге апелляциялық шағым түсірді», – деді мамандандырылған соттың судьясы Сержан Айнабеков.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz