Шымкентте полицейдің өліміне себепші болған дәрігерге сот үкімі шықты — новости Казахстана
Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты жекеменшік клиникада дәрігердің салғырттығынан көз жұмған қалалық полиция департаменті қызметкерінің ісі бойынша үкім шығарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Клиниканың уролог дәрігері Нұрлан Мұсабеков өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамаған.
30 жастағы полицейге дұрыс ем-дом жасалмауы салдарынан науқас жекеменшік клиникада қайтыс болған.
Судья Еркін Оспанов дәрігер Мұсабековті Қылмыстық кодекстің 317 бабы бойынша («Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеп, үш жыл медицина саласында жұмыс істеу құқығынан айырды.
Сонымен бірге, айыпты дәрігерді жүз сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді.
Сот баспасөз хатшысының айтуынша, бұрын-соңды сотталмаған, кәмелет жасқа толмаған алты баласы бар сотталушы кінәсін толық мойындап, өз ісіне шынайы өкінген.
Айта кетерлігі, қайтыс болған марқұмның туыстары дәрігерге кешірім беріпті. Айыпталушы марқұмның отбасына моральдық және материалдық шығын өтеген.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz