Шымкентте оқушыларға тегін тамақ беріле бастады

0
85

Былтыр Шымкент қаласының білім саласы бойынша қабылданған оң шешімдердің бірі — бастауыш сыныптарға мемлекет есебінен тегін тамақ беру шешімі болды. Бұл туралы Шыңғыс Мұқан өз парақшасында жариялады. 

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің ұсынысымен, Мәслихат депутаттарының қолдауымен, желтоқсан айында биылдан бастап 1-4 сынып оқушыларын жүз пайыз ыстық тамақпен қамту туралы шешім қабылданған болатын.

Шымкент қаласы әкімінің Қаулысына сәйкес, оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ берілу басталды. Осыған дейін тегін бір мезгіл ыстық тамақ тек әлеуметтік жағдайына қарай берілген болса, енді мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушылары жүз пайыз ыстық тамақ ішуге мүмкіндігі бар.

Бүгінде қалада мемлекеттік мектептерде — 88 657, жекеменшік мектептерде 12 500 бастауыш сынып оқушысына тегін тамақ берілуде. Оған қоса 28 367 аз қамтылған оқушылар да тегін тамақтануда.