Шымкентте оқушы қыз туған әкесінен босанды

Сурет: psychologies.ru
Білім басқармасы өкілдері Шымкентте оқушы қыздың туған әкесінен босанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мектептің 9-сынып оқушысы осы жылдың мамырында қыз баланы дүниеге әкелген. Қазіргі таңда өмірге келген сәби оқушы қыздың анасының тәрбиесінде. Ал бұл үйдің әкесі осы сұмдықтан кейін көз жұмды», — деп жазады басылым.
Карантин кезінде Шымкентте 15 жастағы бозбала отбасы мүшелерімен араздасқаннан кейін суицид жасаған. Бұдан бөлек, жыл басынан бері қалада тағы 7 жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталған. Өткен жылы Шымкентте 3 мектеп оқушысы суицидтен қайтыс болып, 3 бойжеткен мектеп бітірмей жүкті болған еді.