Шымкентте ондаған миллионға салынған Наурыз этно ауылы жанып кетті (видео)

0
5237

Миллиондаған қаржы бөлінгін этно ауыл бір түнде күлге айналды. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек жазды.

«Шымкент қаласында Наурыз концертін өткізген жер өртке ораныпты. Миллиондаған қаржы бөлінгін этно ауыл бір түнде күлге айналды.

Оттың жанғанын көріп , мына өрт қасақана жасалған деп баға берер едім. Қәзір Мәдениет басқармасында тергеп тексеру жүргізіліп жатыр. Осы жаққа кеткен ақшалардың есебін бермеу үшін де қойылуы мүмкін!

Шымкент қаласының прокуратурасы бұл өртке жәй қарамау керек! Жақсылап қатаң тексеруді сұраймын! Реконструкцияға 847,2 миллион теңге кеткен…» деп жазды заңгер.