Шымкентте немерелерінен қорлық көрдім деген 95-тегі әжей жанайқайын жеткізді – новости Казахстана

0
104

Шымкентте 95 жастағы кейуана соғыста көрмеген қорлықты, туған немерелерінен көріп отырғанын айтады. Әжейдің айтуынша, үйіне кіріп алған туыстары зейнетақысын тартып алып қана қоймай, өзін ұрып-соғып итке талатқан кездері де болған деп хабароайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Ішімдікке салынған немерелерінен көрген қорлығы аздай, үй жинап жүріп қабырғасын сындырған қарт әжей бүгінде төсекке танылған.

Надежда Ушакованың ауруханаға жатуына сырқаты емес, өзімен бірге тұратын туыстарының күн көрсетпеуі себеп болған. Олар соғыс ардагеріне көмек көрсетпейтінімен қоса, оның 118 мың теңге жалақысын тартып алып отырған.

«Мас кезінде аяусыз ұрып тастайтын кездері көп болды. Шашымды жұлып, тепкілейді. Мұндай қорлықтан әбден тозып, полицияға да бірнеше мәрте шағым түсірдім. Оларды үйімнен шығарып беруге өтініш тастағанмын. Алайда, тәртіп сақшылары сотқа жүгінуім керек екенін айтып, қол сілтейді. Сотқа барсам ол жердегілер өзара келісіп алыңыздар деп шығарып салады» , – дейді Надежда Ушакова.

Соғыс ардагерінің адам сенгісіз жағдайда итшілеп күн көріп жатқанын оның көршілері де растап отыр.

«Балалары ішетін сияқты. Үйі ыбырсып жатады. Жағдайды жоқ», – дейді көршісі Мәлика Махабатова .

Туғанынан қорлық көріп жатқан Надежда Ушакованың оқиғасына байланысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

«Ушакова немересін үйінен шығарып жіберу туралы шағымын қазан айында түсірген болатын. Сот отырысы арызданушының сырқаттанып қалуына байланысты кейінге шегерілген» , – деді департаменттік ресми өкілі.

Дереккөз: КТК арнасы


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!