Шымкентте Назарбаев мектебінің оқушысы 13-қабаттан құлап мерт болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте 9-сынып оқушысы 13-қабаттан құлап мерт болды. Белгілі болғандай, ол Назарбаев зияткерлік мектебінде физика-математика бағыты бойынша білім алған.

Шымкентте Назарбаев мектебінің оқушысы 13-қабаттан құлап мерт болды

Бұл туралы Elitar.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Қайғылы жағдай 30 наурызда орын алған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім 13-қабаттан құлаған. Бұл оқыс жағдай болды ма, әлде суицид пе, ол жағы әзірге белгісіз.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны растады. 

Қайғылы жағдайдың мән-жайын полиция анықтап жатыр. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz