Шымкентте науқас бүкіл отбасына коронавирус жұқтырды

0

Қазір дертке шалдыққан бес адам жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды, тиісті ем қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Шымкентте індетке шалдыққан 14-ші науқас отбасындағы бес адамға вирус жұқтырған, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«Шымкентте бес адам тіркелді. Барлығы вирус жұқтырған 14-ші науқаспен байланыста болған, пациенттің отбасы мүшелері. Оқшаулауда жатқан еді. Анализ оң нәтиже көрсетті», -делінген хабарламада.

Қазір олар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған, тиісті ем алып жатыр.

4 сәуірден бастап Шымкент қаласы карантинге жабылды.

7 сәуір 08:35-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда 670 науқас тіркелді. Оның 19-ы Шымкент қаласында анықталып отыр.

Тағы оқыңыз: Қордайға жаназаға барған елорда тұрғыны бірнеше адамға коронавирус жұқтырды

Қырық алты адам дерттен айығып шықты, алты адам қайтыс болды.



sputniknews.kz