Шымкентте көше бойындағы арықтан әйелдің мүрдесі табылды
Шымкент тұрғындары қаладағы арықта жатқан әйелдің мәйітін тапқан.
Белгісіз әйелдің денесі Асар ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің маңынан табылған. Куәгерлер дереу полиция шақыртқан. Айтуларынша, марқұм қаңғыбас әйелге ұқсамайды, үстінде футболка мен пижама киілген.
Кейіннен әйелдің 39 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны екені белгілі болыпты. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері байқалмаған. Алдағы уақытта оның неден қаза тапқаны анықталады.
«Бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Өлім себебін анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесіне орай процессуалдық шешім шығарылады», — деді Шымкент қалалық ПД өкілдері.