Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Барлығы елде Covid-19 салдарынан көз жұмғандар саны 32-ге жетті. Шымкентте алтыншы жағдай тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан 32-ші адам қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Шымкентте 1955 жылы туған науқас коронавирус індетінен көз жұмды», — деп жазылған ақпаратта.

Бұл Шымкент қаласында тіркелген алтыншы жағдай. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында — 3, Алматыда — 9, Ақмола облысында — 4, Шығыс Қазақстан облысында — 1, Жамбыл облысында -1, Қарағанды облысында — 3, Қостанай облысында — 1, Маңғыстау облысында -1, Павлодар облысында -2, Маңғыстау облысында бір адам көз жұмған болатын.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, елде 5 160 адамда коронавирус расталды. 2 020 адам індеттен айықты.

 



sputniknews.kz